25 Сентябрь 2017, Понедельник, 16:38
Главная / Атырау / Бергей 50-ге толды.
bergey-ryskaliev-2

Бергей 50-ге толды.

Атырау  облысында ауыз толтырып айтатын ауқымды істер тізімі Бергей Сәулебайұлының есімімен байланысты десек артық айтпаспыз.

Себебі 2006-2012 жылдар аралығында облыс көлемінде зор қарқынмен жүргізілген жұмыстар, экономиканың қарыштап дамуы, еселі еңбектің нәижесінде тұрғындардың тұрмыстары мен өмірлеріндегі оң бетбұрыстар халықтың игілігі үшін қызмет еткен бір туар азаматтың  еңбегінің  жемісі.

Қай  салада болмасын қызмет ететін азаматтардың еңбегінің  өнімділігі олардың жеке тұрмыс жағдайына да байланысты.

Осы мақсатта тұрғын құрылысын жоғары деңгейде жүргізу арқылы тозығы жеткен үйлермен, ажары кете бастаған Атыраудың бет-бейнесін жаңа да, жарық пәтерлермен қайта өзгертті десе де болады. Қалада аз уақыт ішінде салынып  халық игілігіне жұмыс істеп тұрған нысандардың әрқайсысы оның іскерлігі мен ыждағаттылығының, тәртібі мен табандылығының куәсі. Оның басшылығы мен қала мен ауылдарда салынған жолдар, жарық пен жылу, көлік, су жүйелерінің қызметі тұрғындардың  ризашылығымен  алғыстарын жыл сайын жаңғыртар еді. Елбасының өзі еңбегін жоғары бағалағанда, ел ағалары теңдесі жоқ көпірлердің біріне есімін беруді ұсынғандарында, беделді ақсақалдардың «Еңбек Ері» атағын беру бастамасын көтергендерінде жас та болса, бас бола білетін, елдің жоғын жоқтайтын шоқтығы биік азаматты танығаны  болар.

Көзі қарақты кісілер таныған талант пен білікті, намыс пен жігерді іштарлық пен көре алмаушылық құндағынан шыға алмай  қалғандардың мойындағысы келмейтіндері қандай  өкінішті?!

Алып туған адам алысты көреді, алысты жақындатам деп, оның аржағындағы биікке қол созып,  «сол межеге халқымды жеткізсем» деп асқақ арманның арғымағына  «тәуекел»  деп мінеді. Сондай азаматты үзеңгісін бір қаққанына тұрмайтын жабы мініп, жүзін жасырып жүретіндердің шаужайлайтыны түсініксіз?!

Қолынан іс келмейтіндерге қызғаншақтық бұйырған, зәулім ағаштың көлеңкесінде тұрып, сол ағашқа көлеңке  түсірудің мүмкін еместігін, аяқ астындағыны ғана көре алатындар біле бермес.

Адамдықтың,  адамгершіліктің кіндік тамырын тереңнен алып кеткен азаматтың қай жерде де  нық тұрарына, елге сая бола аларына сене тұра, елге еткен еңбегін біле тұра билік тұтқасын қайта  ұстаса деген ақ ниетіміздің арман болмай, ақиқатқа айналатын күнін жақындатсақ дейміз.

Бергей Сәулебайұлынан кейін де облыс басшылығына келгендердің, «елім», «жерім» деп мінбелерден сөйлеп көргендердің бәрі ел қамын жеп жатқанын, қалың қауымның сенімін ақтағанын көре қойған  жоқпыз. Бір Бергейдің өз тұсында жас ұрпақтың болашағы үшін, дені сау азаматы бар елдің келешегі үшін білім беру мен денсаулық саласында мүмкін еместей көрінер қыруар шаруаны тыңдыруы айтпасқа болмайтын іс.

Өзіміз жетпеген биікке өзгені жеткізбеу үшін жанталасатын ит тірлігіміз кімге керек?! Өресі  биіктерге өрмелеп жете алмайтынымызды біле тұра өршеленетіміз неліктен?!  Кім ұтып, кім  ұтылды?!  Қателесу пендеге тән, қателеспейтін жаратқан. Қатесі болса халық үшін жасаған шексіз жақсылығының  жанында иненің жасуындай болар. Түймедейді түйедей ететін іштарлығымызбен Бергейдей азаматтың беделі мен береріне балта шаба алмасымыз анық.

Анық сөйлеп, анық басатын ұл тұрғанда неге көңілді алакүдік жайлайды, неге ашық пікір айтылмай ауызды байлайды?!

Ұлтын, қанын сыйлайтын, қолдағаны құлқынына құймайтын, «елім»  деп тұрған ер азаматын халық билікте қайта қауыштырсақ дейді «көп тілегі көл» деген, ылайым солай  болғай!

 тәуелсіз журналист Жұмагүл Серікбек

Посмотрите еще

264359b75b4925d28

Председателя сменили

В СПК «Атырау» пришел новый председатель — Марат ТУСУПКАЛИЕВ. Аким области Нурлан НОГАЕВ представил его журналистам ...

34 комментарии

  1. ОН круто изменил город в лучшую сторону, вытащил из грязи. Поздравляю с ДР

  2. Қазіргі әкім Бергейдің тырнағына да тұрмайды.

  3. Сәкен Нұрберген

    Халыққа қызмет қылу бар мақсаты,
    Сонымен биіктерден шыққан аты.
    Ердің жасы 50-ге келді бүгін,
    Атыраудың айтулы азаматы.

    Мың тоғыз жүз алпыс жеті туған жылы
    Қаңтардың жиырма бірі туған күні.
    Елеулі елуіңіз құтты болсын,
    Ардақты жан Бергей Сәулебайұлы.

    Тәрбие алып қарапайым отбасынан,
    Шыққан ол көп баланың ортасынан.
    Архитектура-құрылыс институтын ойдағыдай,
    Бітірген маман болып Алматыдан.

    Дүниеге пенденің бәрі келмек,
    Біреулер күн кешеді елбеп-селбеп.
    Азаматтың атағын асқақтатар,
    Ел-жұртына аянбай еткен еңбек.

    Жаратқан несібесін баса қылған,
    Жасынан ел таныды атағынан.
    Кәсіпкерлік ісімен айналысып,
    Оқ бойы озық кетті қатарынан.

    Ойлады салғаннан-ақ халық қамын,
    Еңбегін қылды еліне салып жанын.
    Алты жыл абыройлы қызмет етті,
    Облыс әкімі боп Атыраудың.

    Айналысып төрт-бес жыл арасында
    Бес көпір салынды Атырау қаласында.
    Индерде де бір көпір салып берді
    Қуантып үлкені мен баласында.

    Жол салды түкпіріне Атыраудың
    Азаматтың ісі емес пе жақсы жанның
    Тұрғындарын қуантты Геолог, Курилкино,
    Балықшы, Привокзальный, Киткрайдың.

    Жақсылық жасап жүрер жан-жағына
    Су жаңа жол салғызды Сағыз-Миялыға
    Тұрғындардан бата мен алғыс алған
    Газ жүргізіп Қызылқоға ауданына.

    Тапшы болған мұғалім, дәрігерлерді
    Тұрақтануға қол ұшын тағы берді.
    Салдырды, оны ешкім жоқ дей алмас,
    Мамандарға мыңдаған пәтерлерді.

    Ойлады қандастардың құқын Бергей
    Жүретін жұмысшылар үйін көрмей
    Сол үшін қызметіңізден кете жаздап
    Қалғаныңызды біледі, біреу білмей.

    Суға тапшы Мақат пен Құлсарының
    Жандандырып дала мен құм, шағылын
    Тәулік бойы, жүз жылға жететін ғып
    Құбырменен жүргізді су тамырын.

    Өзінен биік қойған намыс арын,
    Ойлады қай кезде де халық қамын.
    Қаланы қақ жаратын Ақжайықтың,
    Жаға-жай етіп қойды екі жағын.

    Қанша мектеп, емхана, балабақша,
    Болады еңбегім деп таласуға.
    Олар ұсақ нәрседей көрінеді,
    Орасан зор істердің арасында.

    Ат салысып маманды өсіруге
    Ертеңгі күн болатын керек елге
    Ондаған «Алтын белгі» иегерін
    Жағдай жасап оқытты шетелге де.

    Жатса да көрсоқырлар қарсы болып,
    Қалса да еңбегіңіз тамшы болып,
    Жақсылықты көрген ел ұмытпайды,
    Жүреді сыртыңыздан тәнті болып.

    Қызмет етті арына түсірмей дақ
    Әділетсіздікті жүреміз түсінбей-ақ
    Кейінгілер жүр шіреніп ол істеген
    Жұмыстың 25 %-н бітірмей-ақ

    Ортаймай бағыңыз бен беделіңіз,
    Несібе, бақ-дәулетке кенеліңіз.
    Азаматтық тұлғаңыз айбатымен,
    Үстем болсын мәртебе мерейіңіз.

    Сыйласқан аға менен ініменен
    Бірегей нар жігіттің бірі деген.
    Тек жақсылық тілейміз өзіңізге,
    Әр жасыңыз келсін деп биігімен.

    Сәкен Нұрберген

  4. Молодец Бергей!!! он достоин уважения! Здоровья тебе и успехов, а мы всегда поддержим тебе! Народ Атырау с тобой где ты не был!!!!

  5. Шынында да Бергей облыста атқарған алты жылында жергілікті халықтың шын ықыласына бөленді.

  6. С днем Рождения.
    Бергей Саулебаевич спасибо Вам огромное за все хорошее что вы сделали для нашего региона…Алладан кайтсын, кудай жар болсын.

  7. Поздравляю с Днем Рождения. Спасибо за работу!

  8. Присоединяюсь. С ДР

  9. За правду

    Лично Я За Бергея!!! Как он никто из акимов не работал!!!

  10. Население Атырау, сейчас, в сравнении, видит какой он был аким

  11. Ауылды да, қаланы да көркейтті. Мен өзім сенбеймін Рысқалиевті жамандағандарға. Жала жабудан аулақ болайық.

  12. Я Уважаю Бергея 4 моста итд итп, весь город в асфальте, покажите мне еще такого Акима?????!!!!!

    • Поздравляю с Днем Рождения. Бергей Лучший

  13. Поздравляю с ДР

    Все видно в сравнение. Сейчас нет БР и что, лучше стало?
    Я лично был и буду сторонником его и его команды,знаете почему а потому что он был есть и будет человеком который действительно переживал за свой народ!!! А что делает нынешний аким?!?

  14. Қазіргі дағдарыс кезінде Бергей сияқты антикризисный менеджерлер, управленцтер керек қо. Босқа отқа лақтырып жіберді…

  15. Молодец Бергей!!! он достоин уважения! Здоровья тебе и успехов, а мы всегда поддержим тебе! Народ Атырау с тобой где ты не был!!!!

  16. Котенок

    Елдегі саясаттың ойыншығы болып кетті ғой боздақтар!!!!

  17. комментарий

    Да все норма будет Баке! Атырау ВАС уважает и ценят. Не один аким так не пахал как ВЫ. Другие завидуют и пишут всякое. В атырау каждый ауыл каждый село про Вас и говорит. Мы хотим о Вас еще услышать.Может в родной Атырау вернетесь

  18. Бергей Рыскалиев — хороший и добропорядочный аким и управленец! С его приходом область и город стали подниматься! А щас ужас и позор!!!!
    Мы до сих пор не верим что говорят о нем. Все полный ложь и вранье.

  19. Бергей Рыскалиев за короткое время акимовства стал достаточно известной личностью и известен он с положительной стороны. Народ Атырау знает об этом всегда.

  20. Ең бастысы, бүкіл атыраулықтар Рысқалиевтің атқарған еңбегіне дән риза. Әлі күнге ол туралы жырлар айтылып жатыр ғоә қай көшеге барсаң да…

  21. Осындай аршты азаматтарға қолдан кедергі жасамай, былыққа батырып, одан да елдің пайдасына пайдалану керек еді ғой.
    Бергей облыска келген кезде кризис басталып, жұрт алаңдаған кез болды. Соған қарамастан, облысты тып тыныш, сүттей ұйыған тыныштықта, экономикасын қарышты дамытып аман сау алып шықты.

  22. Рыскалиев много сделал для области! эффективный менеджер. просто говорит правду прямо как есть без прикрас, потому и многие недолюбливают его. Уважаю! Мужик!

  23. Әрине, БР-дің атырау жеріндегі тау қопарғандай еңбек Президент келген сайын жиналған қалың халық алдында бір емес, бірнеше рет айтып, мақтаған болатын. Оны Елбасының өзі мойындады.

  24. Азамат еді. Бір сөзді еді. Уәдеге берік еді. Көп сөзге жоқ, іске мығым еді. Қайда екенсің асыл ер?!
    Әкім деп Бергей Саулебайұлын айт, басқасын айтпағанда Қызықоғаға газ жеткізгені теңдесі жоқ ерлік болды. Атырау тарихында бұны ешкім жасай алмас еді одан басқа…. анау тайсойғанға су жүргіземіз деп он жыл жүрген жоқ па…қызылқоғалықтар Құрметті Азамат атағын беруге күш салулары керек.

  25. Как бы не обливали его грязью, его дела будут напоминать о себе: дороги не на центральных улицах и в пригороде, мосты, детские сады и др. И все равно при Бергее было чисто в городе и город развивался! Народ все видит, его не обманешь.

  26. Атырау тарихында Рысқалиевтің алдына түсетін әкім жоқ. Ол кезінде әкім болып тұрғанда мақтануды білмеді және мақтауға қарсы болды. Диаров көпірге Бергейдің атын берейік дегенде ол әңгіменің сол жерде басын кесті. Егер ол мақтанса, республикадағы 1 әкім болар еді.

  27. Керимов

    Атырауға нужен современный и креативный, дисциплированный Аким как Бергей.

  28. Атырауға жасаған еңбегін жоққа шығармайды жергілікті халық. Әлі жыр ғып айтады жиналған жерде.

  29. Дулат Губайдуллин

    Бүгін Бергей Рысқалиевтің туған күні екен

    Дегенде Бергей, Бергей, Бергей, Бергей,
    Қызмет етіп едің елге ердей
    Өз қолыңмен көркейткен облысыңа
    Кеттің ғой көптен бері сен де келмей

    Қызығын көрсе екен деп нөпір халық,
    Газ тарттың жатқандарға отын жарып.
    Кей әкімдер көпіріп жүрген кезде
    Сен жүрдің жол салып, көпір салып.

    Жәутеңдетіп айтқызбай жарапазан
    Ауданыма орнаттың жаңа заман.
    Қимен емес газбенен қайнап жатыр
    Асан (қайғы) айтқан «қақпақты қара қазан»

    Көп жақсылық қылғасын елге бұрын
    Жыр арнайын құттықтап мен де бүгін
    Ай, бірақ, судан таза дей алмаймын
    Бір басыңа жетеді пенделігің.

    Жақтырмай кейбіреулер Бергейді аса,
    Қайтеміз ғайбат тілін сермей қалса?!
    Қазақстан өркендеп дамыр еді-ау,
    Жемқорлардың барлығы сендей болса.

  30. Жаксынын жаксылыгын айт мерейі тасысын дидиго казак ширкин. Имангали агамыздан кейнги Атырау обылысының халкы ушин кызмет еткен,жанеде натежиесі айга танба баскандай боп коринген агамыздын бири го ширкин. Аман болыныз!

  31. добротник

    Жоғарыдан ақша сұрап, қол қусырмай жергілікті жердің потенциалын аша білді. Қанша жұмыс орнын ашты, жұрт қысқартып жатқанда, Міне, нағыз қолынан іс келетін адам. Қазіргідей емес, дым бітірмей…

  32. Yes of course he will come back, from the hell!

    • Атырау тарихында Бергей Саулебайулынын есими Алтын ариптермен жазылып манги сакталады!!!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.